18.06.2019, 16:52

19 маусымнан бастап ақылы жолдардың тарифі өзгереді

Фото: Elorda.info
Ал заңды тұлғалардың келісімшартқа отыруына мүмкіндік бар.

19 маусымнан бастап барлық ақылы жолдарда жол жүру ақысына дифференциалды тариф енгізіледі, деп хабарлайды Елорда Инфо «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұр-Сұлтан – Щучинск, Нұр-Сұлтан – Теміртау бағытындағы жолдардың қолма-қол төлеу ақысы 400 теңге болса, алдын ала онлайн төлеу 200 теңгені құрайды. Ал Алматы – Қапшағай бағытындағы жолдың қолма-қол төлеу ақысы – 200 теңге, алдын ала онлайн төлеу ақысы – 100 теңге. Сондай-ақ Алматы – Қорғас бағыты бойынша жол жүретін жүргізушілер қолма-қол 600 теңге, алдын ала онлайн түрде 300 теңге төлеуі тиіс. Жол ақысын бірқатар екінші деңгейлі банктің интернет-банкингі мен терминалдар арқылы және телефон теңгерімінен, сол сияқты Kazdriver қосымшасы арқылы төлеуге болады. Ал заңды тұлғалардың келісімшартқа отыруына мүмкіндік бар.