$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстан Қытайдан 20 жылға несие алады

Айта кетейік, негіздемелік келісімге сәйкес, Қазақстан Қытайдан 2 млрд юань, яғни, 112,6 млрд. теңге мөлшерінде жеңілдетілген несие алады.
Фото: Вслух.ру
Фото: Вслух.ру

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдан жеңілдетілген несие алу туралы  келісімді мақұлдады. Енді Қазақстан Қытайға 20 жыл несие төлейтін болады, деп жазды Abai.kz.

Бұл құжатқа алғаш Бейжіңде өткен кездесу барысында  экс-президент Н.Назарбаев  қол қойған. 2018 жылдың 7-маусым күні өткен кездесуде қос тарап сауда-саттық, инвестиция мен индустрализация, ауыл шаруашылығы мен көлік-транзиті секілді салаларды талқылаған.

Айта кетейік, негіздемелік келісімге сәйкес, Қазақстан Қытайдан 2 млрд юань, яғни, 112,6 млрд. теңге мөлшерінде жеңілдетілген несие алады.
Қаржы министрлігінің мәліметіне сәйкес, несие теңгемен берілуі тиіс. Бірақ юаньмен есептеліп, 20 жылға 2% үстемемен беріледі.

«Біз алғашқы бес жылда тек пайыздық мөлшерлемені төлейміз. Ал, қарыздың негізгі сомасын  алтыншы жылдан бастап, соңғы 20 жылға дейін өтейтін боламыз», - деді қаржы министрі.

Еске сала кетейік, бұл қарыз ЕЭО-ның сыртқы шекарасындағы қазақстандық учаскеде өткізу пункттерінің кедендік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында алынған.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары