Алматы қаласының тұрғыны Дарын Утеулиев мектеп бағдарламасын үздік бітіріп, әлемнің он жоғарғы оқу орнынан білім алуға шақырту алып отыр, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.
Физика-математикалық мектептің түлегіне терең білімі мен халықаралық олимпиадалардағы жеңісі осындай ғажап мүмкіндікті тарту еткен.
Дарын Утеулиев білім ордасын бітірген соң оқуын шет елде жалғастыруды бала кезінен армандапты. Ол физика-математикалық мектепті тек бестік бағамен бітіріп, қатарының алды болған. Талабы таудай бала оқу ордасында жүріп, әлемнің ең үздік университтеріне онлайн түрде емтихан тапсырып қойыпты.
Дарын Утеулиев білімін шетелде жалғастыруды бала кезінен армандаған.
Физика-математикалық мектепті тек беске оқыған жеткіншек оқу ордасында жүріп, әлемнің ең үздік университтеріне онлайн түрде емтихан тапсырған екен.
"Онлайн толтырып, тесттердың нәтижесін енгізіп, 11 класстың басында осы университеттерге тапсырдым. Жиырмадан астам шет елдердегі оқу орындарына тапсырдым. Қысқаша айтқанда, Гонгонг технологиялық университеті, Қытай университеті, Австралиядағы Сиднейда және Америкадағы университет және бір 3-4 университет Канададан мен солардың жауабын күтіп отырмын", - дейді ол.
Дарын кішкентайынан инженер болуды қалаған. Оның республикалық-халықаралық деңгейдегі олимпиадаларға қатысып, жүлде алған дипломдары өте көп.
Ағылшын тілінде еркін сөйлейтін Дарын шет елде білім алып, болашақта Қазақстанның өсіп-өркендеуіне өз үлесімді қоссам деп отыр.
"Біздің оқушыларымыз соңғы Республикалық олимпиадалардың нәтижесі бойынша бірінші орында. Олардың ішінде 11 алтын медаль, 12 күміс медаль, 14 қола медальміз бар. Былтырғы статискамен алатын болсақ, біздің төрттен бірі шетелге түсіп жатыр.
Басқа да студенттеріміз бар Гонконгта оқиды. Оңтүстік Кореяда, Қытайда. Ресейлік ВУЗ-дар және кейбір Батыстың Вуздары біздің ҰБТ-ны қажет етпейді", - дейді Республикалық физика-математикалық мектептің директоры Алмас Күнғожин.