19.06.2019, 10:40

Біреуі көз жұмды: Қарағанды облысында жүргізуші 2 бірдей адамды қағып, қашып кетті

Фото: ekaraganda.kz
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қарағанды облысы Абай ауданында жүргізуші 2 бірдей адамды қағып, қашып кетті, деп жазады ekaraganda.kz.

Аудандық полиция департаменті баспасөз қызметінің xабарлауынша, 11 маусым күні полиция бөлімшесіне жол бойында бойжеткеннің денесі жатқаны жайлы xабар түскен.

Автокөлік жүргізушісі 10 маусым күні 2 бірдей адамды қағып кетіп, қашқан. 

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.