$ 443.44  480.51  4.88

«Атырау аруы-2015» титулының иегері қайтыс болды

«Гауһар бүгін таңғы 09:00-де қайтыс болды», - деп хабарлады қыздың туыстары.

Бүгін «Атырау аруы-2015» титулының иегері Гауһар Қасаева қатерлі дерттен қайтыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Гауһар бүгін таңғы 09:00-де қайтыс болды», - деп хабарлады қыздың туыстары.

Өткен жылдың қазанында қыздың ауыр дертке шалдыққаны хабарланған. Ару Instagram арқылы қазақстандықтардан көмек сұраған болатын.  

«Мен әрдайым мықты болып, ешкімнен көмек сұрамағанмын. Мектеп жасымнан еңбек етіп, отбасыма көмектесуге тырыстым. Университетте оқып жүріп жұмыс істегенмін, сөйтіп оқуымның ақысын төледім. Ұзақ, сау әрі бақытты өмір сүргім келеді», - деп жазған еді Гауһар Қасаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Атырау