$ 494.87  520.65  4.91

Экономист Расул Рысмамбетов ел дамуының 10 бағытына өз бағасын берді

Мемлекет басшысының «Билік халықты тыңдап, мәселені сол жерде шешіп, үнемі азаматтар алдында есеп беріп отыруы қажет» деген пікіріне де қаржы саласының сарапшысының айтары бар.
Фото: Sayasat.org
Фото: Sayasat.org

Сайлауда ең жоғары басымдықпен жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының сайланған Президенті қызметіне ресми кірісуі кезінде ел дамуының негізгі 10 бағытын саралап берген болатын.  Елдегі әр азаматтың мүддесін қорғауды басты мақсаты санайтын мемлекет басшысы  заңға сай адал қызмет ету міндеті екенін жасырмады. Ол Елбасының сарабдал саясатын қолдаған азаматтар басты додада басымдық бергенін де айтып өтті. 

Мемлекет басшысының айтуынша, оның атына келетін өтініш тілектер көп. Олардың түп негізі Елбасының жолын, саясатын сақтап, нағайтумен байланысты екен. Биыл 13 мамырда жалпыхалықтық  #BIRGE акциясы басталған болатын. Ел дамуындағы маңызды міндеттерді анықтауды мақсат еткен шараның аясында 540 мыңға жуық ұсыныс тілектер келіп түскен екен. Халықты мазалайтын басты  мәселелерді айқын анықтап берген шараның негізінде елдің ендігі даму бағыты да сараланғандай. 

Мемлекеттің қарыштап дамыту тізгінін қолына алған президент халықтың табысын арттыруды бірінші бағыты етті. 

«Азаматтарымыз өз елінде алаңсыз өмір сүріп, ұрпағын тәрбиелеп, халқымыздың жетістіктеріне бірге қуанып, мақтан тұту үшін экономикалық өсім болуы тиіс деп» ерекшелеп атап өтті. Сыбайлас жемқорлықты жою, сот және құқық қорғау жүйесін реформалау, жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты лайықты жалақымен қамту, тұрғын үй мәселесін шешу, мұғалімдер мен дәрігерлердің мәртебесін көтеру, өңірлерді дамытудың жаңа бағдарын нығайту, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жалғастыру, сыртқы саясатты дамыту, жас кәсіпкерлерді қолдау мемлекет басшының пайымдауынша ел дамуының ендігі бағыттары саналады. 

Мемлекеттік маңызы бар мәселеге қатысты сарапшылардың да айтар ойы бар. Financial Freedom зерттеу агенттігінің директоры Расул Рысмамбетов «Менің  байқауымша күзге қарай (егер мұнай рұқсат етсе) жалақы көлемі көбейеді. Егер билік басындағылар жалақыны арттыра алмаса, онда олар азық-түлік бағасын тұрақтандыруды қолға алуы мүмкін», –  дейді. 

Қаржы маманының айтуынша әр аймақта әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация  бар, ал оның әрқайсысында азық-түліктің көлемді қоры сақталған. Бірақ соңғы уақытта оның жұмысының таза, әрі ашық жүргізілмейтіндігі байқалып келеді. Сондықтан бұл мәселеге қатысты жергілікті басшылардың ойланып әрекет етіп, мемлекет қаражатын ұтымды игеруді назарға алу қажет. 
«Елдегі әлеуметтік мәселелердің тағы бірі –  баспана жайы. Бұл бағытта мемлекетімізге көші-қон саясатын жүйелеп алу қажет. Алматы мен Астананың жүйесіз құрылысы, жұмсартып айтқанда- дұрыс емес. Еліміздің екі ірі қаласында жұмыссыз азаматтар көлемі артып кетті. Оларды тез арада жұмыс орнымен қамтамасыз етпесек, ертең кеш болары сөзсіз», –  деп қаржы саласының сарапшысы түйткүлді мәселені ерекшелеп атап өтті. 

Расул Рысмамбетов сондай-ақ сырттан қаржы тартып, оны қорғау бақытында басымдық берер мәселелердің көп екенін де айтады. Оның пайымдауынша, салық департаментінде кіші кәсіпкерлермен жұмыс жасап, мөрін басып, жазбаша жауап беріп, соның негізінде ғана жасап жатқан кәсіптеріне айыппұл салынатындай ету қажет.  

Мемлекет басшысының «Билік халықты тыңдап, мәселені сол жерде шешіп, үнемі азаматтар алдында есеп беріп отыруы қажет» деген пікіріне де қаржы саласының сарапшысының айтары бар. Ол бұл жағдайға байланысты.            

«Қоғамдық кеңесті қайта қарап, сайлау өткізу керек, мұнымен қоса ақ жағалылардың жергілікті сайтттарындағы жеке блогтарының жұмысын жаңғырту қажет», –  дейді ол. 
«Рухани жаңғыру»  бағдарламысын одан әрі жалғастырып, насихаттау бағытында сарапшы «Президенттік сайлау мен алаңға шығып ашық пікір айту бағдарламаның айқын нәтижесі, жаңғырып жатқандығымыздың белгісі», – деген пікірде.  

Ал президенттің жастарды қолдап,  олардың білім алып, қалыптасуы бағытында бар мүмкіндікті жасау қажет екендігіне сарапшы «Бізде ақыл-өресі биік, талантты, батыл, қайратты жастар қалыптасып келеді. Егер олардың дамуына кедергі келтірмесек,  небары 3-5 жылда таңқаларлық нәтижелердің куәгері боламыз», –  деп Расул Рысмамбетов өзінің  әлеуметтік желідегі қалың оқырманымен бүкпесіз пікірін бөлісті. 

Жалпыхалықтық бағыт биік белестерге жетелеп,  ел ертеңі жарқын болуы мықты саяси жоспар құрып,  қажымай еңбек етуды талап етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары