Бүгін, 20 маусымда, шамамен таңғы сағат тоғызда Ақмола облысының Целиноград ауданында ұшақ апатқа ұшырады. Әуе кемесінің арнайы авиахимиялық қолданыстағы АН-2 ұшағы екені анықталды, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұлов.
Апат салдарынан әуе кемесінің командирі қаза тапты. Жарақат алған тағы бір ұшқыш пен техник-көмекші емдеу мекемесіне жеткізілді.
Әуе кемесінің апатқа ұшырау себебін анықтау мақсатында тергеу жұмыстары басталды.