20.06.2019, 12:05

Ұшқыш қайтыс болды: Ақмола облысында ұшақ апатқа ұшырады

Фото: riafan.ru
Апат салдарынан әуе кемесінің командирі қаза тапты. Жарақат алған тағы бір ұшқыш пен  техник-көмекші емдеу мекемесіне жеткізілді.

Бүгін, 20 маусымда, шамамен таңғы сағат тоғызда Ақмола облысының Целиноград ауданында ұшақ апатқа ұшырады. Әуе кемесінің арнайы  авиахимиялық қолданыстағы АН-2 ұшағы екені анықталды, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұлов.

Апат салдарынан әуе кемесінің командирі қаза тапты. Жарақат алған тағы бір ұшқыш пен  техник-көмекші емдеу мекемесіне жеткізілді.

Әуе кемесінің апатқа ұшырау себебін анықтау мақсатында тергеу жұмыстары басталды.