Полиция қызметкерлері оқиғаның ізін суытпай, өз әжесін тонап кеткен 26 жастағы қызды ұстады, деп хабарлады NewTimes.kz Ақмола облысы ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көкшетау қалалық полиция бөлімшесіне 82 жастағы тұрғыннан алтын бұйымдары мен ақшасы ұрланғаны туралы арыз келіп түсті.
Оның айтуынша, әлдекімдер білдірмей үйге кіріп, заттарын ұрлап кеткен. Ұрланған тауар мен ақша құны шамамен 350 мың теңгені құрайды.
Сондай-ақ, жәбірленуші жақын арада немересінің үйге келіп кеткенін айтты.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 26 жастағы қызды ұстады.
Немересі әжесінің сеніміне кіріп, алтын бұйымдары мен ақшасын ұрлап кеткенін мойындады.