$ 494.87  520.65  4.91

Заңгер Қазақстан Бас Прокуратурасынан «Иегова куәгерлерін» экстремистік ұйым деп тануды сұрады

Соңғы күндері мұндай шағым берушілердің қарасы көбейгендіктен, заңгер діни ағым ұстанушылардың жиналысына қатысып жүр.
Фото: The Qazaq Times
Фото: The Qazaq Times

Шымкент қаласында үш мыңдай адамды жинап, Иегова куәгерлері саммит өткізді. Бұл жайлы заңгер Айгүл Орынбек өз Facebook-парақшасында жазды. 
Қоғамда салафиттермен ашық күрес жүргізіп жүрген Айгүл Орынбекке енді «Иегова куәгерлеріне» алданған қызын айтып, бір әйел арыз жазған екен.
Жәбірленушінің айтуынша, діни ағым ұстанушылар жұртты өздеріне алдап кіргізіп, үйлерін тартып алады екен.

Соңғы күндері мұндай шағым берушілердің қарасы көбейгендіктен, заңгер діни ағым ұстанушылардың жиналысына қатысып жүр. 

«Үш мыңдай адамды жинап алып, тапа тал түсте Шымкенттің ортасында үлкен саммит өткізіп жатқанын біздің құзырлы органдар біледі ме екен? Мен барып арнайы қатыстым. Ол жақта әбден оқытылған психологтар. Сұраққа сұрақ қояды. Ал келген адамдар гипноздалған «зомбилер» сияқты. Гимн айтуға, туған күн тойлауға, қан құюға болмайды екен. Отбасыңнан біреу кірсе, басқа туыстарын да кіргізуге міндетті. Әйтпесе ажырасасың! Бұл не деген масқара?», - деп жазды Айгүл Орынбек.

Блогер Ресейде заңмен тыйым салынған Иегова куәгерлерін Қазақстанның Бас Прокуратурасы неліктен экстремистік деп танымайтынын түсінбейді. 
«Алдағы уақытта осы «Иегова куәгерлері» туралы зерттеу жұмыстарын жүргіземін. Қандай да бір ақпараттарыңыз болса, маған хабарлассаңыздар болады! Құзырлы органдардан жауап күтемін!», - деді Айгүл Орынбек.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары