22.06.2019, 15:00

Алматы облысында үшем дүниеге келді

Үш қызға Айдай (2020 грамм), Нұрай (2065 грамм), Шырай (2095 грамм) деген ат берілді.

2019 жылдың 3 маусымында Алматы облысының көпбейінді қалалық ауруханасынлда үшем дүниеге келді. 

Үш қызға Айдай (2020 грамм), Нұрай (2065 грамм), Шырай (2095 грамм) деген ат берілді, деп жазады Stan.kz.

Нәрестелердің ата-анасы Эльмира Өмірзақова мен Танатар Тұрғамбаев — Жамбыл облысындағы Ұзынағаш ауылының тұрғындары. Олардың тұңғышы Хан бір жастан екі ай асқан. 

«Эльмира өзіне және нәрестелеріне күтім көрсеткен барлық медицина мамандарына рахмет айтады. Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Бауыржан Ысқақ отбасындағы қуанышмен туысқандарын, жақын адамдарын құттықтады», — деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасындаталдықорғандық белсенді Қайрат Әбдірахман. 

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы үшем алғаш алғаш рет Маңғыстау облыстық перинаталды орталығында дүниеге келді