Жаңалықтар 23.06.2019 сағат 09:35

Тестілеу орталығының басшысы таныстарынан «өзіміз ғой» деп хабарласпауын сұрады

Дидар Нұркенұлының сөзінше, ол енді өзіне осындай өтініштер айтатын адамдармен байланысын тоқтатады.
Тестілеу орталығының басшысы таныстарынан «өзіміз ғой» деп хабарласпауын сұрады
Фото: Хабар 24
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ұлттық тестілеу орталығының жаңа басшысы Дидар Смағұлов өз Facebook парақшасында «Өзіміз ғой» әсер етпейді» деген тақырыппен достарының және туыстарының «мәселені шешу» туралы өтініштері жайлы жазба жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тестілеу орталығының жаңа басшысы алғашқы жұмыс күні бұл туралы жазғаны ыңғайсыз болғанымен, өзінің қызметте не үшін отырғанын түсіндіруге міндетті екенін айтты.

«Мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктен сыбайлас жемқорлыққа бейім салалардың біріне әлдекімге тест тапсыруға көмектесуге немесе смартфон кіргізуге қол ұшын беру үшін келген жоқпын. Мұндай өтініш мені ашық түрде кемсітеді.

Кейбіреулер маған қоңырау шалып, құттықтап артынша бірден «мәселені шешуді» сұрады»,- делінген Смағұловтың жазбасында.

Дидар Нұркенұлының сөзінше, ол енді өзіне осындай өтініштер айтатын адамдармен байланысын тоқтатады.

«Өкінішке қарай, біреулер үшін грантқа түсу- жоғары білім алудың жалғыз мүмкіндігі.

Егер мен 2008 жылы заң факультетіне грантқа түспесем, асқақ армандарымның орындалғанын көрмес едім. Себебі, Қарағанды университетінің өзінде ақша төлеп оқыту менің жанұям үшін мүмкін емес нәрсе еді»,- деді ол.

Еске сала кетейік, Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы басшысы аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілініп, орталыққа жаңа басшы Дидар Смағұловтың келген болатын

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар