23.06.2019, 13:13

Алматы облысында үш жігіт 40 жастағы әйелді зорлаған

Фото: Zakon.kz
Полицейлердің мәліметінше, жәбірленуші 1992 жылы туған күдіктінің бірімен таныс болған. Олар әйелді Есік қаласындағы қонақүйдің бірінде зорлаған.

Алматы облысының полиция қызметкерлері 40 жастағы әйелді зорлады деген күдікке ілінген екі адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz аймақтық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«19 маусымда Алматы қаласының тұрғыны Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімшесіне хабарласып, өзіне зорлық-зомбылық жасаған күдіктілердің нақты белгілерін айтып берген»,- делінген хабарламада.  

Полицейлердің мәліметінше, жәбірленуші 1992 жылы туған күдіктінің бірімен таныс болған. Олар әйелді Есік қаласындағы қонақүйдің бірінде зорлаған. 

Қазіргі таңда екі күдікті ұсталды. Ал үшінші қылмыскер іздестіріліп жатыр.