$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтанда бай жігіт өзінен үлкен қызды жүкті кезінде тастап кеткен

«Оны қыздың ата-анасы да біліп отыр. Бірақ олар қыздарын қабылдамай, бойжеткен сәбиімен қиын жағдайда қалған».
Фото: KrasnodarMedia
Фото: KrasnodarMedia

Нұр-Сұлтанда өзінен бірнеше жас үлкен қызбен кездескен ауқатты жігіт оны жүкті кезінде тастап кеткен. Өкініштісі, бойжеткеннің анасы мен жақындары да одан теріс айналған көрінеді. Сәбилі болған ару бүгінде елордадағы «Аналар үйін» паналап отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтандағы «Аналар үйінің» үйлестірушісі Айжан Диханова қыз-келіншектердің не себепті осындай оқиғаларға тап болатынын түсіндіріп берді. 

«Түрлі жағдайлар болады. Мысалы бізде бір оқиға болды. Жасы 25-тен асқан бойжеткен өзінен көп жас кіші, ауқатты жігітпен кездескен екен. Ал ата-анасы әу бастан-ақ қыздарының сол жігітпен кездесуіне қарсы болған.

Десе де, қыз жақындарының сөзіне құлақ аспай, жігітпен кездесіп, жүкті болып қалады.

Ал жігіті аяғы ауыр екенін біле тұра, оны тастап кеткен. Оны қыздың ата-анасы да біліп отыр. Бірақ олар қыздарын қабылдамай, бойжеткен сәбиімен қиын жағдайда қалған. Сөйтіп біздің «Аналар үйіне» келді», - деді маман.

Қуаныштысы – «Аналар үйін» паналап шыққан арулар кейін өмірде өз жолдарын тауып кетеді екен. 

«Кейбірі осында арнайы курстарды тәмамдап, кейін сол кәсіппен табыс тауып жүр. Енді кейбірі тұрмыс құрып, отбасылық өмірін қолға алады. Әркімде әрқалай. Бірақ қыздардың көпшілігімен байланысымызды үзбейміз, күні бүгінге дейін хабарласып тұрамыз», - деді «Аналар үйінің» өкілі.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары