Қазақстанда «Журналистер күні» бекітілмек. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Twitter-парақшасында жазды. «Үкіметке арнайы қаулымен Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесін бекіту жөнінде тапсырма бердім. Бұл БАҚ-тың қоғамдағы маңызды рөлін айқындайтын әділ шешім болмақ», - делінген хабарламада.