$ 494.87  520.65  4.91

Ресей Түркия тарапынан лаңкестік шабуылдың қаупі бар екенін айтты

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Түркия тарапынан Ресейге лаңкестік шабуылдар ұйымдастырылу қаупінің бар екенін айтты. Оған басты себеп, орыс билігінің Түркия тауарларына бақылауды күшейтуі дейді ол.

"Түркиядан келіп жатқан тауарларға әлі тыйым салынған жоқ. Дегенмен, экстремистік көзқарастағы шабуылдардың жасалу қаупі бар екенін ескере отырып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Түркияның кешегі әрекеттерінен кейін бұл қалыпты құбылыс" деді Д.Песков. Оның айтуынша, Кремльдегілер Түркия тарапынан расымен де лаңкестік шабуылдардың болу қаупі бар екенін мойындап отыр.

Айта кету керек, бүгін таңертең Ресейдің ауылшаруашылық министрі Александр Ткачев Түркиядан келіп жатқан тауарларға қосымша бақылаудың орнатылғанын хабарлаған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары