Ақтөбе қаласының жаңа әкімі тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
Ақтөбенің әкімі 46 жастағы Абдуллин Мавр Ерғалиұлы болды. Ол мұның алдында Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Мавр Ерғалиұлы Абдуллин 1973 жылы туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген.
Ойыл аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Ойыл ауданы әкімінің орынбасары, облыстық ауыл шаруашығы басқармасы басшысының орынбасары, Ойыл, Алға аудандарының әкімі қызметтерін атқарған.