25.06.2019, 14:20

Ақмола облысында орман ішінде адасқан қария 5 тәуліктен соң табылды

Фото: inform.kz
Аумақтық ТЖД баспасөз қызметінің дерегі бойынша, маусымның 20-на Викторовка аулының тұрғыны, 1952 жылғы әжей үйінен шығып қайтып оралмаған.

Ақмола облысының Зеренді ауданында осыдан 5 күн бұрын орман ішінде адасып қалған қария бүгін аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Аумақтық ТЖД баспасөз қызметінің дерегі бойынша, маусымның 20-на Викторовка аулының тұрғыны, 1952 жылғы әжей үйінен шығып қайтып оралмаған. Бастапқыда туыстары өз күштерімен іздеп нәтиже шықпаған соң маусымның 24 күні құзырлы органдардан көмек сұраған. 

«Осыған орай, жергілікті атқарушы билік, учаскелік полиция мен аудандық ТЖБ қызметкерлері және ауыл тұрғындарынан жасақталған іздеу тобы құрылып, 5 тәулік бойы қарияны іздестірді. Нәтижесінде қария Викторовка ауылынан 9 шақырым қашықтықта орман ішінен табылды. Қария дін аман медициналық көмектен бас тартты», - деді ТЖД баспасөз хатшысы Динара Есенбаева.