Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Арыстағы жарылыстан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін ақша аударды. Бұл туралы елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында мәлімдеді.
Ол елбасының xалық үшін алаңдағанын айтты.
"Тұңғыш президент канцеляриясы қызметкерлері мен елбасы көмек көрсету мақсатында бір күндік жалақысын тиісті қорға аударды.
Нұрсұлтан Назарбаев барлық қазақстандықтарды Арыс тұрғындарының қайғысына бей-жай қарамауға шақырды", - делінген хабарламада.