Жаңалықтар 26.06.2019 сағат 10:35

«Ол жансыз жатты»: Ақмола облысында 11 жастағы бала ашық жатқан тоққа түсіп қайтыс болды

Сол күні 11 жастағы Дмитрий су айдау станциясының ауласында ойнап жүрген екен. Ол шөптің арасында жатқан кабельді ұстай алып, салдарынан тоққа түсіп қалған.
«Ол жансыз жатты»: Ақмола облысында 11 жастағы бала ашық жатқан тоққа түсіп қайтыс болды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ақмола облысында 11 жастағы бала 12 жыл бойы ашық жатқан кабельді ұстаймын деп, салдарынан тоққа түсіп көз жұмды. Бұған дейін бақылауда болған нысан бүгінде қараусыз қалыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Сол күні 11 жастағы Дмитрий су айдау станциясының ауласында ойнап жүрген екен. Ол шөптің арасында жатқан кабельді ұстай алып, салдарынан тоққа түсіп қалған. 

Бұрын бұл нысан күзетілген болса, кейіннен қаржы жетіспеушілігінің салдарынан одан бас тартуға тура келген көрінеді. 

Оқушының туыстарының сөзінше,  Дмитрий қайғылы жағдай орын алған күні су айдау станциясында жұмыс істейтін туысына келген. Ол қарындасымен бірге көшеде ойнап жүріпті. Әйел балаларға қауіптілік туралы ескертіп, сымдарға тиіспеуін сұраған. Алайда ойын баласы сымды ұстап көрмек болып, туысының көз алдында жан тапсырды.

Баланың туысы Анфиса Герцег оның бірден сұлап түскенін айтады. 

«Ол жансыз жатты. Бірден құлады. Тіпті, көзілдірігі сынып кетті», - дейді марқұмның туысы. 

Жаныспай аулында орналасқан су айдау станциясы Ковыльное аулын сумен қамтамасыз етеді екен. Елді мекенде су құбыры жүргізілмеген. Станция стратегиялық нысан деп мойындалғанымен, ашық жатқан нысанға балалар да оңай кіріп-шыға алады. 

«Есіл қалалық коммуналдық шаруашылығы» МКК директоры Қайрат Мүкібаевтың сөзінше, олардың сырттағы кабельдерді тескеруге құзіреті жоқ. Тек ішкі жұмыстарды жүргіземіз, дейді.

«Күзет қоюға қаржылық жағдай көтермеді. Бұрынғы күзет қызметін де сол үшін алып тастағанбыз. Енді қаржы көзін қарастыруға тура келеді. Әрине, бала өліміне бәріміз кінәліміз. Осылай болады деп кім ойлаған?! Бәрін ретке келтіреміз», - дейді Қайрат Мүкібаев. 

Ал Жаныспай ауылдық округінің әкімі Николай Пономарев қазіргі уақытта кабельді ауыстыру бойынша жұмыстардың басталғанын айтты.

Бүгінде туыстары Дмитрийді жер қойнына тапсырды. Жерлеу рәсімі кезінде марқұмның анасы Наталья Шеголькова ұлына өліміне кінәлілердің жазаланатынын айтып, уәде берген. Алайда әзірге ешкім кінәні өз мойнына алар емес.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар