Арыстағы жарылыстан 3 адам қайтыс болды, деп xабарлайды Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Басқарманың дерегіне сүйенсек, 70 адам медицина көмегіне жүгінген, олардың 40-ы ауруxанаға жатқызылған. 3 адам қайтыс болды.
Айта кетейік, бұған дейін 2 адамның көз жұмғанын жазған болатынбыз.