$ 498.34  519.72  4.85

Танымал кәсіпкер Арыстағы үйлерді қалпына келтіруге 100 млн теңге бөлді

Біздің команда Түркістан және Шымкенттен құрылысқа қажетті материалдармен шығуға дайын.

Танымал отандық кәсіпкер, BI Group құрылыс компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев Арыстағы жарылыстан зардап шеккен тұрғындардың үйлерін жөндеп беруге дайын екенін айтты деп хабарлайды "Қазақ үні".

"Біздің компанияның қызметкерлері де сол жерде, Арыс тұрғындарына көмектесіп жатыр. Әскерилердің қалаға кіруге рұқсат бергенін күтіп отырмыз. Сол кезде үйлерді жөндеуге кірісеміз. Біздің команда Түркістан және Шымкенттен құрылысқа қажетті материалдармен шығуға дайын.

100 млн теңге бөлдік. Бұл қаржы кемі 100 үйді жөндеуге жетіп қалар деп ойлаймын. Егер қажет болып жатса, үстінен тағы қосамыз. Жерлестер, өздеріңізге бекем болыңыздар, бәрі жақсы болады. Біз сіздермен біргеміз», – деп жазды кәсіпкер әлеуметтік желідегі парақшасына. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары