$ 494.87  520.65  4.91

80 келі алтын мен күмісті елге заңсыз кіргізбек болған күдікті ұсталды

Шекара қызметінің «Шымкент - авиа» шекаралық бақылау бөлімшесінің шекарашылары кеше таңертең «Стамбұл - Шымкент» бағытымен ұшып келген VSV 486 әуе рейсін тексеру барысында ірі көлемді экономикалық контрабанданың жолын кесті.

48 жастағы қазақстандық азамат ел аумағына жалпы салмағы 80 келіден асатын алтын мен күміс бұйымдарын алып кірмек болған. Контрабандалық заттарды ол сөмкеге жасырыпты.

Шекарашылардың айтуынша, бұл үш сөмкеге жасалған кедендік жарияланым бар көрінеді. Алайда, күдікті сөмкенің ішіндегі әшекейлердің барлығы күмістен жасалған деп көрсеткен. Тексеру барысында анықталғандай, тауардың жартысына жуығы алтыннан жасалған бұйымдар болып шықты. Қазіргі уақытта Мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлерімен бірге әшекей бұйымдардың құрамын және жалпы құнын анықтау бойынша сараптама жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан 4 күн бұрын Атыраулық шекарашылар Стамбұлдан ұшып келген жолаушыдан 2,5 центнерден астам алтын-күміс заттарын (3,5 кг алтын, 235кг күміс) тәркілеген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары