$ 494.87  520.65  4.91

Қайрат Құдайберген: «Арыста зардап шеккен тұрғындарға қатысы жоқ адамдар әкелген заттарды талап кетті»

Сондай-ақ, мәслихат депутаты көмек беріп жатқан азаматтарға алғысын білдірді.
Фото: turaninfo
Фото: turaninfo

Алматы қаласы мәслихатының депутаты, кәсіпкер Қайрат Құдайберген Арыс тұрғындарына арналған заттарды басқа адамдар алып кетіп жатқанын жазып, өкініш білдірді. Бұл туралы кәсіпкер өз Instagram-парақшасында жазды.

«Бір жағынан жанашар адамдар көмек беріп отырса, екінші жағынан кейбір көргенсіздер жұмысымызға қиянат жасап жатыр. Арыста зардап шеккен адамдарға ешбір қатысы жоқ малғұндар әкелген заттарды талап, үйлеріне алып кеткен жағдайды өз көдерімізбен көрдік. Аллах тағала сендерге сот!», - деді ол.

Сондай-ақ, мәслихат депутаты көмек беріп жатқан азаматтарға алғысын білдірді.

«Қазір ісімізді жүйелеп, зардап шеккен бауырларымыз бен қарындастарымызға нақты қажет көмек беріп отырамыз», - деп жазды Қайрат Құдайберген.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары