27.06.2019, 11:45

Ринат Зайытов Арыстағы оқиғаға кінәлілерді атады

Фото: Tengrinews
Сондай-ақ, ол бүкіл халық жұмыла жәрдем беруге ұмтылып жатқанын айтып, қолдаушы азаматтарға алғысын білдірді.

Айтыскер Ринат Зайытов Арыстағы оқиғаға байланысты өз пікірін білдірді. 

«Қойылатын сұрақ көп, жауабы беріле қояды дегенге сену қиын. Болар іс болды. Енді бір бейшараны «кінәлі» жасап соттап жібермесе екен. Бұл жағдайға 1-2 адам кінәлі емес, жүйе кінәлі! Қару-жарақ мерзімін тексеруге міндеттілерден бастап, сол қару жайындағы ақпаратты ашып айтпаған жергілікті офицерлерге дейін. Бұл өз ойым», - деп жазды Ринат Зайытов Instagram-парақшасында

Сондай-ақ, ол бүкіл халық жұмыла жәрдем беруге ұмтылып жатқанын айтып, қолдаушы азаматтарға алғысын білдірді. 

«Қазақ қоғамы бір-бірін ешкімге қарамай қолдауды қолға алды. Еліміздің барлық облыстарында көмек көрсетем деушілер көбейіп жатыр.Осы сынақтан аман өтулеріңізге құдай қуат берсін!», - деп қорытындылады ол өз жазбасын.