$ 494.87  520.65  4.91

«Бір бүйрек үшін 150 мың доллар»: украиналықтар Қазақстанда ағза мүшелерін сатқан

Құқық қорғау органдары қылмысқа қатысты бірнеше адамды ұстады. Оның ішінде трансплантолог дәрігер бар.
Фото: Днепровская панорама
Фото: Днепровская панорама

Украинаның ұлттық полициясы азаматтарының Қазақстанда ағза мүшелерін сатуға мәжбүр екенін жеткізді. Бұл туралы ведомство басшысының орынбасары Вячеслав Аброськин айтты, деп жазады Stan.kz.

20-ға жуық осындай заңсы әрекет тіркелді. Украиналықтар өз бүйрегін саудалаған. Бұл істі полиция тексеріп жатыр. 

Бір бүйрек үшін сатып алушылар 150 мың доллар берген. Ал, донорлар қолына оның тек 10-15 мың долларын алған. 

Азаматтың бірі бүйрегін онкологиялық ауруға шалдыққан әйелін емдеу үшін сатқанын айтса, бірі жай ғана өмір сүру үшін сатқанын айтты. 

«Ағзаны тасымалдаушылардың артында халықаралық ұйымдасқан қылмыс тұр. Ол адамдардың қайғысымен күн кешеді», - деді ұлттық полиция орынбасары Facebook парақшасында.

Құқық қорғау органдары қылмысқа қатысты бірнеше адамды ұстады. Оның ішінде трансплантолог дәрігер бар.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары