Жаңалықтар 27.06.2019 сағат 17:30

«Әйелдеріңе ие болыңдар!»: Әбдірахымов сабырсыз халыққа ашуланды (ВИДЕО)

Ал кадр сыртында шулаған жұрт жан-жақтан айғайлап жатты. Бірі Арысқа барғанда қайда тұратынын сұраса, енді бірі әкімге рахметін айтты.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов наразы халыққа ашуланды. Оның шеруге шыққан ер кісілердің алдына барып, сөйлеген сөздері әлеуметтік желіде тарап кетті. 

«Мен еркектерге ренжіп жатырмын. Әйелдер шулайды, жарайды. Ал еркектерге не жоқ? Бірінші, өздеріңнің әйелдеріңе ие болыңдар! Содан кейін ел туралы айтыңдар! Әйелдеріңе ие бола алмай, маған келіп әңгіме айтасыңдар!», - деді Ғабидолла Әбдірахымов.

Ал кадр сыртында шулаған жұрт жан-жақтан айғайлап жатты. Бірі Арысқа барғанда қайда тұратынын сұраса, енді бірі әкімге рахметін айтты.

«Сөйлей бересіңдер тілім бар деп. Бізде ойнап жүрген жоқпыз. Қолдан келгенін жасап жатырмыз. Егер де мен құдай болсам, бір күннің ішінде шешіп тастайтын едім. Біз де пендеміз, біз де адамбыз. Күні-түні жұмыс істеудеміз», - деп ашуланды қала әкімі. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев Шымкентте Арыс тұрғындарымен кездесіп, оларға үй салып беретінін айтқан. 

Сондай-ақ, Шымкент қаласының әкімі қалада 130 мың адам үйдің кезегінде тұрғанын айтып, арыстықтарға Шымкенттен үй бере алмайтынын жеткізген.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар