27.06.2019, 18:54

Сеуілде арыстықтарды қолдау акциясы өтті

Фото: ҚазАқпарат
Акция азаматтардың жағымды көңіл-күйін және олардың төтенше жағдайлар алдындағы ұйымшылдығын көрсетті.

26 маусымда Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы Елшілігінің қолдауымен еліміздің азаматтары Арыс қаласында орын алған қайғылы оқиғаның салдарынан зардап шеккен отандастарымызды қолдау мақсатында арнайы флеш-моб ұйымдастырды. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап хабарлайды.

«Оңтүстік Кореядағы Қазақстандық диаспораның өкілдері зардап шеккен Қазақстан азаматтарына қолдау көрсетіп, «Арыспен біргеміз!» «Арысь, мы с вами!» «Еліме амандық, жұртыма тыныштық!» жазулары бар плакаттар, жалаулар мен үндеулер дайындады.

Сонымен қатар, Қазақстан Елшілігінің қызметкерлерімен бірге Арыстағы зардап шеккен отбасылар үшін ерікті түрде ақшалай қаражат жинау ұйымдастырылды», - делінген хабарламада.

Акция азаматтардың жағымды көңіл-күйін және олардың төтенше жағдайлар алдындағы ұйымшылдығын көрсетті.