27.11.2015, 12:10

Алматыдан 539 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыда 27 қараша күні сағат 15:13 кезінде жер сілкінісі болды деп хабарлайды Қазақпарат. Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлгі Ғылым комитетінің Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеген. 

 

Тербеліс кіндігі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 539 шақырым жерде Қырғызстан шекарасында болған.Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.9 болса, магнитудасы - MPV 4.5, ал тереңдігі 5 шақырымды құраған.