Мемлекет басшысының Жарлығымен Қырымбек Көшербаев ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақордаға.
«Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылсын»,- делінген Жарлықтың мәтінінде.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылды.