Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өмірлік қиын жағдайда қалғандардың несиелік қарызын жабу туралы жарлыққа қол қойған еді. Алайда Ұлттық банк төрағасы Олег Смоляков бұл бағдарлама бойынша кімдердің қарызы өтелмейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Бұл бағдарлама банктер мен қазіргі уақытта реттелген микроқаржы ұйымдарын қамтиды. Ал реттелмеген субъектілердің бәрі, сонымен қатар онлайн түрде несие берушілер бұл бағдарламаға кірмейді», - дейді Олег Смоляков.
Смоляковтың сөзінше, реттелмеген субъектілер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап реттеу периметріне кіреді. Қаржы қызметтерін тұтынушылардың мүдделерін қорғау үшін, оларға қойылатын талаптар жоғары болады, дейді ол.
Еске сала кетсек, 26 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев көпбалалы және мүгедек баласы бар отбасылардың несиесін жабуды тапсырды.