$ 498.34  519.72  4.85

Қазақ қызы Ресейдегі сұлулық байқауында жартылай жалаңаш шығудан бас тартты

Қазақ қызы өзін жеңілдім деп санамайтынын айтты. Бірақ ол байқауға барып тұрып, қатыспаған өкінішті екенін жеткізді.
Фото: sputniknews.kz
Фото: sputniknews.kz

Сұлулық байқауының қатысушысы, 15 жастағы мәскеулік Дина Қожасаева сахнаға суға шомылатын киіммен шығудан бас тартты. Бұл үшін ару ресейлік сұлулық байқауынан шеттетілді. Оған үздік ұлттық киім аталымындағы марапатты сахна сыртында табыстаған, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Дина Қожасаева "Ресейдің жас аруы" титутылына үмітті еді. Ол "Мәскеудің жас аруы", "Ресейдің жас аруы" байқауларында тәж тағынған болатын. Бұл байқауға Дина іріктеу кезеңінсіз-ақ өтті.

Бұған дейінгі байқауда да Дина ашық киіммен шығуға бас тартқан болатын. Арудың анасы Линда Қожасаеваның айтуынша, байқау ұйымдастырушысы бұл талаптың ескерілетініне сендіріпті. Алайда байқаудың соңына қарай бәрі өзгеріп шыға келген.

Байқаудың соңғы күні 26 маусымда Мәскеу қаласында өтті. Қатысушылар сахнаға төрт рет шығуы тиіс болатын.

«Режиссер Константин Костин Динаның суға шомылатын ашық киіммен шығуын талап ете бастады. Алайда бұл мәселе бұған дейін келісілген болатын. Дәл соңғы уақытта Дина айтқан киімді кимесе, байқаудан шеттетіледі деді. Қызым келіспеді. Сондықтан Дина байқауға қатысқан жоқ. Сахнаға тек екі-ақ рет шықты. Динаның ұлттық киімі үшін сыйлық берілді. Бірақ оны сахна сыртында табыстады», - деді Динаның анасы.

Қазақ қызы өзін жеңілдім деп санамайтынын айтты. Бірақ ол байқауға барып тұрып, қатыспаған өкінішті екенін жеткізді.

«Мен өзімді елден ерекшемін деп санамаймын. Бірақ сахнаға жартылай жалаңаш шыға алмаймын», - деді Дина.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары