Жаңалықтар 28.06.2019 сағат 17:20

Түрмеге түскісі келген 93 жастағы әженің арманы орындалды

Бойжеткен өз жазбасында әжесінің бұрыннан келе жатқанын арманын орындаған Манчестер қаласының полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Түрмеге түскісі келген 93 жастағы әженің арманы орындалды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Англияның Манчестер қаласының 93 жастағы тұрғыны Джози Бердс өмір бойы жақсы амалдар жасап келген. Өмірінің қарапайым өткенін түсінген әжей қартайған шағында қамауға алынуды армандаған. Қарт әжейдің арманын полиция қызметкері Джозидің арманын орындады деп хабарлайды NUR.KZ.

Қызықты оқиға жайлы әжейдің немересі Пэм Смит өзінің Twitter парақшасында жазды. 

Бойжеткен өз жазбасында әжесінің бұрыннан келе жатқанын арманын орындаған Манчестер қаласының полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Джозидің жасы 93-те, ол күші бар кезде бір «жаман іс» жасап көргісі келген.

Аталған оқиға «Twitter» қолданушыларының көңілінен шыққан. Бірнеше күннің ішінде жазба мыңнан аса репост пен лүпіл жинап үлгерді.

Желі оқырмандары Джозиді өмірге деген көз-қарасы мен актерлік қабілеті үшін мақтап, жылы лебіздерін жазып қалдырды.

«Жұбайым екеуіміз оның қалай ләззаттанып отырғанын көріп, сүйсіндік. Джозиге көмектескен полицейлер - нағыз жұлдыздар. Мен жасым ұлғайғанда дәл осындай іс-әрекетке барғым келетіне сенімді емеспін», - деп жазды қолданушылардың бірі. 

Оның түрі расымен де бір жамандық жасап, өкініп отырған адамға ұқсайды. Ол өзіне жүктелген істі өте жақсы атқарып шықты.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар