$ 444.22  476.38  4.82

Кейптаунда елдімекен өртеніп, 4 мың адам баспанасыз қалды

Оңтүстік Африка Республикасының астанасы Кейптаунда кеше кедейлер тұратын шағынаудан өртеніп кетті. Бірнеше сағат ішінде қызыл жалын 800 лашық-үйді жайпап үлгерген. Салдарынан 4 мыңға жуық адам баспанасыз қалды деп хабарлайды News24 порталы. Тілсіз жау екі адамның өмірін жалмапты.

Өрттен сондай-ақ, егістік алқабы мен сол маңайда орналасқан 3 әкімшілік ғимарат та өртеніп кеткен.

Қазіргі таңда апаттың салдарымен Қызыл Крест ұйымының халықаралық комитеті және бірнеше үкіметтік емес ұйымдар күесіп жатыр. Яғнм, зардап шеккендерге уақытша пана беріп, азық-түлікпен қамтамасыз етуде. Порталдың хабарлауынша, ең бірінші болып көмекке көрші тұратын бай-дәулетті азаматтар келіпті.

Әзірге өрттің нақты неден шыққандығы айтылмай отыр. Жергілікті құқық қорғаушылар тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Дәл осы күні Кейптаунның іргесінде орналасқан Ланга елдімекенінде де ірі өрт орын алды. Мұнда 125 үй жанып кетіп, 500 адам баспанасыз қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары