Семей тұрғыны дәмханаға ұрланып кіріп 50 литрлік ыдыстағы сыраны көтеріп кетпек болған, деп хабарлайды Altaynews.kz.
19 маусым күні сағат 23:30 шамасында полиция бөлімшесіне дәмханаға әлдекімнің ұрланып кіргені туралы шағым түскен.
«Жедел топ ұрлықтың алдын алды. Күдікті кегадағы 50 литрлік сыраны алып шығып бара жатқан жерінде қолға түсті», – деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.