30.06.2019, 17:16

Семейде ер адам дәмxанадан сыра ұрлаған

Фото: Altaynews.kz
Семей тұрғыны дәмханаға ұрланып кіріп 50 литрлік ыдыстағы сыраны көтеріп кетпек болған.

Семей тұрғыны дәмханаға ұрланып кіріп 50 литрлік ыдыстағы сыраны көтеріп кетпек  болған, деп хабарлайды Altaynews.kz.

19 маусым күні сағат 23:30 шамасында полиция бөлімшесіне дәмханаға әлдекімнің ұрланып кіргені туралы шағым түскен.

«Жедел топ ұрлықтың алдын алды. Күдікті кегадағы 50 литрлік сыраны алып шығып бара жатқан жерінде қолға түсті», – деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Тегтер: Семей