$ 443.85  474.3  4.8

Алматы қаласының әкімі әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады

«Бұл қала менің жастығымның, кәсіби кемелденуімнің куәсі», - деді Бақытжан Сағынтаев.
Фото: Ак Жайык
Фото: Ак Жайык

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-парақшасында қала тұрғындарына арналған үндеуін жасады. 

«Құрметті алматылықтар! Алматы қаласы әкімінің міндетіне кірісе отырып, қала тұрғындары алдындағы зор жауапкершілігімді толық сезінемін. Алматы – әрқайсымыздың жүрегімізден орын алған қала. Алматыға деген әр қазақстандықтың ықыласы ерекше. Бұл қала менің жастығымның, кәсіби кемелденуімнің куәсі. Менің басты мақсатым – қаланың әр тұрғыны берекелі өмір сүретін қауіпсіз, қолайлы, заманға сай мегаполиске айналдыру. Біз оған тек бірге жете аламыз», - деді Бақытжан Сағынтаев. 

Сондай-ақ, қала әкімі тұрғындар әлеуметтік желілерде талап-тілектерін білдірсе, уақытылы жауап беретінін айтты.

«Сіздермен тікелей байланыс орнату үшін Facebook, Twitter, Instagram әлеуметтік желілерінде тіркелдім. Барлығымыздың тағдырымызбен байланысты маңызды шешімдерді әзірлеп, қабылдау кезінде сіздердің қолдауларыңыз мен үшін маңызды. Ақылдаса отырып бірге жұмыс істейік», - деп айтты қала әкімі. 

Сонымен қатар, ол қаланың проблемалары мен даму стратегиясын ашық талқылайтынын жеткізді. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласы әкімінің ауысқанын жазған болатынбыз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары