01.07.2019, 10:35

Каспий жағажайында жасөспірім суға батып кетті

Полицейлер жасөспірімнің денесін Газельге жүктеп, мәйітханаға жеткізді

Ақтаулық реаниматологтар Каспий жағасында суға батып жатқан жасөспірімді аман алып қала алмады. Полицейлер жасөспірімнің денесін Газельге жүктеп, мәйітханаға жеткізді, деп хабарлайды Lada.kz Еске сала кетейік, оқиға 30 маусым күні «Әскер жағажайында» болған еді. Үш жасөспірім бой жетпейтін жерге дейін жүзіп кеткен. Біреуі жағаға қайта оралып, туыстарына екеуінің батып жатқанын хабарлаған болатын. Жағажай демалушылары біреуін құтқарып үлгерді.  Екіншісіне құтқарушылар бригадасы жұмылдырылды. Шамамен 19:50-де құтқару қайығымен мүрде жағаға шығарылды.