65 жастағы бұл азамат бұрындары жергілікті колледждердің бірінде оқытушы болған, деп хабарлайды NUR.KZ.
Осыдан бірер жыл бұрын ол сүйікті жарын жер қойнына тапсырған соң, томаға-тұйық күйге түсіп, жұбанышын тек ішімдіктен тауып жүрген. Жедел жәрдем дәрігерлері мен полиция қызметкерлерінің айтуынша, терезеден секіріп, тіл тартпай жүріп кеткен азаматтың үйінен бұл әрекетін түсіндіретін хат табылмаған.