01.07.2019, 12:10

Теміртауда зейнеттегі мұғалім терезеден секіріп қайтыс болды

Фото:pixabay.com
Осыдан бірер жұл бұрын сүйікті жарын жер қойнына тапсырған соң, томаға-тұйық күйге түсіп, жұбанышын тек ішімдіктен тауып жүрген.

65 жастағы бұл азамат бұрындары жергілікті колледждердің бірінде оқытушы болған, деп хабарлайды NUR.KZ

Осыдан бірер жыл бұрын ол сүйікті жарын жер қойнына тапсырған соң, томаға-тұйық күйге түсіп, жұбанышын тек ішімдіктен тауып жүрген. Жедел жәрдем дәрігерлері мен полиция қызметкерлерінің айтуынша, терезеден секіріп, тіл тартпай жүріп кеткен азаматтың үйінен бұл әрекетін түсіндіретін хат табылмаған.