30.11.2015, 05:46

Әлеуметтік жәрдемақы мен шәкіртақы 30 пайызға өседі

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында Жаңа жылдан бастап бюджет қызметкерлерінің жалақысы, әлеуметтік жәрдемақылар мен шәкіртақы орташа алғанда 30 пайызға дейін көбейетінін айтты.

«Жаңа жылдан бастап бюджет қызметкерлерінің жалақысы, әлеуметтік жәрдемақылар мен шәкіртақы орташа алғанда 30 пайызға дейін көбейеді. Осының барлығы халықтың болашаққа сеніммен қарап, алаңсыз өмір сүруіне негіз бола алады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Тегтер: жолдау