$ 449.58  486.94  4.86

Алматыда жолаушылар автобусы көпірден құлап кетті (ВИДЕО)

Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы Саин көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысында болды, бір адам жарақаттанған.

Желіде Алматыдағы көпірден жолаушылар автобусы құлаған видео пайда болды, деп хабарлайды NewTimes.kz агенттігі.

Видеода жолаушылар автобусының аударылып жатқаны байқалады. Алдыңғы терезесі сынған. Жанында заттар шашылып жатыр.

Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы Саин көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысында болды, бір адам жарақаттанған.

Полиция бөлімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта олар оқиғаға қатысты барлық мәліметтерді анықтауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары