01.07.2019, 14:28

Оңтүстік Кореядағылар ай сайын елге 5 млрд теңге аударады

Фото:pixabay.com
Оңтүстік Корея елінде заңсыз жұмыс істеп жүрген отандастарымыздың айлық ақша аударымы былтырғы жылмен салыстырғанда 60%-ке артқан.

Оңтүстік Корея елінде заңсыз жұмыс істеп жүрген отандастарымыздың айлық ақша аударымы былтырғы жылмен салыстырғанда 60%-ке артқан, деп хабарлайды «Qazaqstan» телеарнасы. 

«Екінші деңгейлі банктердің мәліметі бойынша Қазақстанға жеке тұлғалардан келіп түсетін ақшалардың көбі Ресейден және Оңтүстік Кореядан келеді. Кореяға барлық аударымдардың 17% тиесілі. Теңгеге шаққанда биыл бес айда 26,5 миллиард теңге түскен», - дейді ҚР Ұлттық банкінің бас маманы Төлеген Тыныштыбаев.