30 маусымда Нью-Йоркте әлемнің күллі елінен біржыныстылар жиналып, 4 жылда бір рет болатын Дүниежүзілік гей-парад өтті, деп жазды Qamshy.kz «Радужная Америка» тобының Facebook-тегі хабарламасына сүйене отырып.
АҚШ-та алғаш рет әлемдік деңгейдегі гей-парад өтті. Бұл іс-шара біржыныстылардың өз құқықтары үшін күресуінің 50 жылдық мерейтойына арналды.⠀
Шеру Нью-Йорктің «Стоунволл» барында басталды. Содан кейін акциялар әлемнің әр бұрышында өтті.
Шерудің онлайн-көрсетілімі 4 миллионнан астам адамды қамтыды. ⠀
Нью-Йорктегі гей-парадтағы ТМД елдері өкілдерінің орыс тілді колоннасы мемлекеттік ту астына стильденген айтарлықтай көлемді плакатты өрістетіп, Қазақстанды жеке бөліп көрсетті.
«Біз бәріміз бір күннің астында тұрамыз», - деген ұранды қолданды демонстранттар.
Қазақстан туының шеруде көрініс бергені кездейсоқтық емес. Өйткені, ЛГБТ-босқындар саны бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында 3-ші орында тұр. Сонымен қатар, АҚШ-та елдегі біржыныстылардың жағдайы жиі талқылануда.