$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтанда өрттен қаза тапқан 5 қызға арнап ескерткіш орнатылатын болды

Нұр-Сұлтан қаласында ақпанда өрттен қаза тапқан бес қызға ескерткіш орнату жоспарланып жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласында ақпанда өрттен қаза тапқан бес қызға ескерткіш орнату жоспарланып жатыр. Бұл туралы «Республика-аймақ-даму» қоғамдық қорының президенті Ғалым Байтук мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

«Әлем елдерінде осындай мемлекет пен менталитеттегі өзгерістердің катализаторы болған қайғылы оқиғаларға ескерткіш немесе мемориал орнатады. Мұндай ескерткіштердің негізгі ойы - «есте сақтау!». Міне, қайтыс болған қыздарға ескерткіш мемориалын қою идеясы келді, оны досымыз Олжас Мұхамеди шығармашылық жағынан жүзеге асырып жатыр», - деп хабарлады Facebook желісінде Байтук.

Оның айтуынша, қайғылы оқиға әлеуметтік реформалар мен азаматтық белсенділіктің жаңа кезеңіне аяқ басуға әсерін тигізді. 

«Көпбалалы аналар тұрғын үй мәселесін шешу үшін бірікті, қоғам өкілдері әлеуметтік қолдауды арттыру үшін белсенділік танытты, ең бастысы билік өзгере бастады», - деді ол. Жобаны келесі жылдың ақпанына қарай, қайғылы оқиғаға бір жыл толғанда жүзеге асыру жоспарланған. 

«Ескерткіш өте биік болмайды, шамамен адамның бойымен бірдей, биік тұғырда тұрады. Олжастан миға шабуыл жасауын сұрадым, ол бірнеше нұсқа жіберді, біз біреуін таңдадық. Ескерткіште анасының қолында бала тұр және одан бес құс аспанға шарықтап барады. Жобаның алдын ала сызбасы бекітілгеннен кейін бюджетін есептейміз. Қайырымдылыққа қаржы жинау үшін Facebook желісінде жеке жабық топ ашатын шығармыз, жобаны қолдауға белсенді қатысқысы келетіндердің барлығы осы топқа қабылданады», - деді Байтук әңгімесінде. 

Оның айтуынша, бірнеше кәсіпкер жобаны қолдауға дайын екендерін білдіріпті.  Мүсінші Олжас Мұхамеди 19 жасында ағасымен ашқан графикалық дизайн студиясын 11 жылдан астам уақыт басқарып келеді. Ол «Халық сүйіктісі» сыйлығының мүсіншісі ретінде танымал.

Еске салсақ, 4 ақпанда Нұр-Сұлтанда жекеменшік үйдегі өрт салдарынан бес қыз қаза тапты. Қайғылы оқиға Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде болған. Өрт 30 шаршы метрді шарпып, кейін 25 шаршы метр шатырды құлатқан. Тілсіз жау 03:06-да оқшауланып, 03:24-те сөндірілді. Өрт сөндіру барысында 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары дүниеге келген бес баланың мәйіті табылды. Ата-аналары жұмыста болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары