Рұқсат етілмеген жерде суға шомылған Қостанай қаласының тұрғыны көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға кеше болды. Ер адамның мәйітін жергілікті тұрғындар судан шығарды.
«Кешке «Геолог» бау-бақша қоғамы ауданындағы Тобыл өзені жағасында жергілікті тұрғындар 1979 жылы туған азаматтың мәйітін судан алып шықты. Ол жабдықталмаған жерде суға секірген. Куәгерлердің айтуынша, ол мас күйінде суға түскен», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Кісі өлімінің нақты себептері анықталып жатыр. Мәйіт медициналық сараптамаға жіберілді.