АҚШ-та Димаш Құдайбергеннің жеке концертін өтеді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбайұлы Іnstagram-парақшасында хабарлады.
«АҚШ-та Мәдениет және спорт министрлігінің тікелей қолдауымен және ұйымдастыруымен Димаштың концерті өтеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты. Аты әлемге әйгілі өнер иесінің бұл кеші Нью-Йорк қаласында болмақ», - деп жазды Айдар Қырықбайұлы.
Еске салайық, Димаш Құдайберген елордада өткен концертінен түскен қаражатының бір бөлігін Арысқа көмек ретінде аударғанын жазған болатынбыз.