«Қазақстан барысы» жобасының авторы Арман Шораев Нұр-Сұлтандағы Түркістан көшесінің бойлай кетіп бара жатқан шетелдік жұмысшыларды видеоға түсіріп, қазақ жастарының жұмыссыздық мәселесін сөз етті.
Бұл туралы ол Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
«Бұл біздің астанамыз. Мыңға жуық шетелдік жұмысшылар түскі асқа кетіп барады. Ал мыңға жуық біздің жас жігіттер жұмыссыз сандалып жүр. 10 жылдан бері осылай жалғасып келеді. Бұның басты себебі, намыссыздардың осындай шешім қабылдауы.
Мейлі Астана, Атырау, Шымкент. Үкіметте өзінің ұлы тарихын білмейтін мәңгүрттер отырғанда, Аллаға емес, Бенжамин Франклинге табынатындар жүргенде, әкімдерді сайламай, тағайындай салғанда, біреудің қолынан жетектеп сотқа әкеле салғанда осылай жалғаса береді. Сот – әлемдегі ең «керемет», ең сатылымы жоғары сот», – деп жазды ол.