$ 443.85  474.3  4.8

«Жас Отандықтар» әжелерден блогер шығармақшы

Павлодарда «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері «Блогер әже» жобасы аясында 10 егде жастағы азаматшаға ғаламторды игеруге көмектесуде.

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

«Жас Отан» жастар қанатының мүшесі Диас Сейітовтің айтуынша, қарияларға арналған компьютерлік сауат ашу курстарының ашылғанына екі апта болған.

“Әжелеріміз курстарға жазылып, біршама дүниелерді меңгеріп алды. Аталмыш жоба облыстық «Замандас» клубының мүшелеріне арналған. Аптаның әр дүйсенбі күндері сағат 9.00-10.00 аралығында С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада пернетақта, тышқан мен компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеуді үйреніп жүр. Апаларымызға әлеуметтік желілерді игеруге де көмек қолын созудамыз, – дейді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, әжелер әр сабақтан кейін үй тапсырмаларын алып, өздері орындайды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары