$ 498.34  519.72  4.85

Өзбекстандық 72 жастағы әже ЖОО-на түсу үшін құжат тапсырды

Егде жастағы әйелдің құжаттары қабылданды, өйткені жаңа ережеде абитуриенттің жасына қатысты шектеу алып тасталған.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Өзбекстанның 72 жастағы тұрғыны Ферғана мемлекеттік университетіне түсуге құжат тапсырды. Бұл туралы Мемлекеттік сынақ орталығының басқарма басшысы Барно Раджабов хабарлады, деп жазды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

Егде жастағы әйелдің құжаттары қабылданды, өйткені жаңа ережеде абитуриенттің жасына қатысты шектеу алып тасталған.

Бұған қоса Өзбекстанда жоғары оқуға түсу үшін денсаулығы туралы анықтама (Форма-086) қажет емес.

Қазіргі таңда республикадағы жоғары оқу орындарына 70 мыңнан астам құжат тапсырылған.

1 шілдеде түске дейін ғана 10 мыңнан астам абитуриент оқуға түсуге өтініш білдірген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары